Алматы облысы Уйғыр ауданы,Шарын ауылы, Шарын қазақ орта мектебі. 2000 жылы мектепті бітірген. Нусупбаева Салтанат Адырқызы 2001 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінің күндізгі бөліміне түсіп, 2005 жылы қазақстан тарихы мамандығы бойынша үздік бітірген. 2005-2007 жылдары аталған университеттің магистратурасында оқып, оны үздік дипломмен аяқтаған. 2007-2008 оқу жылынан шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінің қазақ және орыс тілдері кафедрасында жалпы тарих пәнінен дәріс жүргізген. 2008-2020 жылдары Қазақстан тарихы мен дүние жүзі, тарихынан, құқықтанудан қазақ, ауған топтарына дәріс берген. Нусупбаева Салтанат Адырқызы 1 әдістемелік құралдың, 20-ға жуық ғылыми, 30-ға жуық әдістемелік, 70-қа жуық имидждік мақаланың авторы. Әдістемелік семинарларға, ашық сабақтарға тұрақты түрде қатысып, педагогикалық тәжірибесін толықтыра түскен. Факультетке келген алғашқы күннен бастап қоғамдық мәдени іс- шараларға белсене араласады. «Армысың, әз-Наурыз!» мерекесіне, 2009 жылдан бері «Студенттер көктемі» фестиваліне тыңдаушыларды дайындаушылардың бірі. "Заманауи білім берудің тиімді әдістемелері" атты республикалық ғылыми - әдістемелік семинарға ұйымдастырушылардың бірі. 2008-2013 жылдары аралығында "Жер – біздің ортақ үйіміз", 2013 -2019 жылдары "Фараби оқулары" атты студенттердің халықаралық ғылыми конференцияларында 100 жуық тыңдаушыларға жетекшілік етіп, дайындаған студенттері жыл сайын жүлделі орындарға ие болған. 2008-2021 жылы аралығында өткен "Жер -біздің ортақ үйіміз", "Ғылыми таным және ізденіс", "Фараби оқулары" атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясын факультетте ұйымдастырушысы және конференция материалдарының жинағының авторларының бірі. С.Әшімбаев атындағы "Парасат" әдеби клубы, "Старт", "Қазақ киносы" мен "Өлкетану" үйірмелерінің жетекшілерінің бірі. Нусупбаева Салтанат Адырқызы оқытушылық қызметімен қатар кафедра, факультет көлемінде лауазымдық қызметтерді абыроймен атқара білген. 4 жыл кафедраның аға кураторы, 5 жыл факультет аға куратор қызметін атқарған. Нусупбаева Салтанат Адырқызы 2014 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының Алғыс хатымен марапатталған. Сонымен қатар оқу-тәрбие ісіндегі еңбектері үшін университет ректоры атынан алғыс хатымен марапатталған. Сонымен қатар оқу- тәрбие ісіндегі еңбектері үшін университет ректоры атынан алғыс хатымен, Алматыдағы Ауғанстанның Бас Консульдығының алғыс хатымен, дипломдар иегері.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2007 |
Файл атауы |
Тақырыбы |
Сипаттамасы |
---|---|---|
Қазақстан тарихы |
Силлабус Қаз.тарихы 21-22 |
|
Қазақстан тарихы |
Қорытынды емтихан |
|
Ибраимова Ж.Т.
Жер біздің ортақ үйіміз
Асыл кітап 2012 - г. ISBN удк 378 ббк 74.58 ж 139 - стр. ҚАЗАҚСТАН
"Жер біздің ортақ үйіміз" атты ХХҮІІ халықаралық студенттердің ғылыми конференциясы
Асыл кітап 2012 - г. ISBN удк 378 ббк74.58 ж 139 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Жер біздің ортақ үйіміз" атты ХХҮІІІ халықаралық студенттік конференция
Ғылым ордасы 2013 - г. ISBN 978-601-247-918-8 9 - стр. ҚАЗАҚСТАН
0
құжаттар
0